Мәдениет

Әзірбайжан мәдениеті фестивалі



 

Әзірбайжан халқы 31 желтоқсан   Жана жыл мерекесін ғана емес, сонымен қатар Ұлттық ынтымақтастық күнін тойлайды. Осыған орай өңірімізде ұйымдастырылған фестивальге келген қонақтар ең алдымен әзірбайжан халқының ұлттық аспаптары, мәдениеті мен тарихынан сыр шертер көрмені тамашалады. Мерекенің тарихы Әзірбайжан елінің тәуелсіздігінен басталады. Ұлттық ынтымақтастық күнін олар 1991 жылдан атап өте бастады. Қазір әлемде 50 миллионнан астам әзірбайжан өмір сүреді. Ал өңірімізде бұл халықтың үш мыңдай өкілі бар. Олар Қазақстанда тарихымыз бен тілімізді ұмытпауға жағдай жасалған деп отыр.  Фестиваль соңы облысымыздағы әзірбайжан   шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасына ұласты. Кешке жиылғандар бауырлас халықтың өнеріне тәнті болды.