Бизнес және экономика

“Қазақстанның ең үздік тауары-2012”

 

 

 

Бұл кәсіпорын өз жұмысын 2001 жылдан бастаған болатын. Осы уақыт аралығында бірнеше байқауларға қатысып, жүлдегер атаныпты. Ұлу жылы да кәсіпкер үшін табысты болды. “Қазақстанның ең үздік тауары” аймақаралық сайысында «Үздiк азық-түлiк тауарлары» аталымына лайық деп табылған. Бүгінде өндіріс ошағында 12 адам еңбек етеді. Солардың бірі –  Алексей Васильев. Ол кәсіпорынның іргесі қаланған кезден еңбек етуде. Бас маман биылғы жылы іске қосылған  жаңа станокпен жұмыс істейді. Бұл құрылғының ерекшелігі кез келген материалды кесіп,түрлі пішіндер жасай алады.

 Алексей Васильев, “Анисифоров” ЖК бас маманы:
– Менің мұнда еңбек етіп жүргеніме 12 жыл болды. Бастапқыда монтаждаушы болып жұмыс істедім. Кейіннен жаңа құрылғыны яғни гидроабразивті кесуді меңгеру үшін Қытайға оқуға жіберді. Өзіме жұмысым ұнайды. Аймағымызда әлі мұндай станок жоқ. Бұл құрылғының ерекшелігі ешқандай материалды таңдамайды.  

Әзірге өндіріс ошағының қорғасыннан жасалған өнімдері өңір тұтынушыларына сатылады. Көктемге қарай тапсырыстар алып, толық қуатта жұмысқа көшеміз дейді кәсіпорындағылар.

Виталий Анисифоров, “Анисифоров” ЖК директоры:
Біз енді ғана жаңа құрылғыларды алып жатырмыз. Гидроабразивті кесу, табиғи тас пен керамограниттен панно жасау сияқты қызметтерді көрсетеміз. Біздің мамандар алюмин конструкциясын меңгеру үшін арнайы оқу оқып, халықаралық сертификатқа ие. Алда полипропилен ыдыс жасаудың қыр-сырын үйренбекпіз.  

Кәсіпорын басшысының алдағы жоспарлары ауқымды. Тауарларын республика көлемінде айналымға шығарсақ дейді.
 

Гүлбану Ахметова