Бизнес және экономика

“Ахмутдинов” ЖК – “Парыз- 2012” жүлдесінің иегері



 

Мына станокты кәсіпорын 1 жыл бұрын алыпты. Ол тәулігіне шамамен 15 текше метр ағаш өндіруге қауқарлы. Құны 1 жарым млн теңгенің құрылғысын кәсіпорын өз қаражатына алған. Заманауи станоктар бар істі тез арада еңсеруге жұмысшыларға көмек болып отыр. Мейірхан Қасымов кәсіпорында 7 жыл бойы қызмет етеді. Жалақы мен жұмыс жағдайына көңілім толады дейді.

Мейірхан Қасымов, «Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігінің жұмысшысы:
Мына станоктармен жұмыс істеу жеңіл әрі тез. Жалақымыз да жаман емес. Көңілім толады.

«Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігі нарықта 9 жыл. Осы уақыт аралығында кәсіпорын жұмысшыларының еңбегі талай рет жоғары бағаға ие болыпты. 2 рет «Алтын сапа» байқауының иегері. «Парыз – 2012» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Республика деңгейіндегі марапат кәсіпорынның жұмысына білдірілген сенімнің белгісі болса керек.

Сермұхамет Ахмутдинов, «Ахмутдинов» жеке кәсіпкерлігінің директоры:
Біз бұл сенімді ақтаймыз деп ойлаймын. Елбасы шағын және орта бизнеске зор көңіл бөледі. Соның арқасында дамып келеміз.

Кәсіпорын қызметкерлердің жағдайын жасауға да ерекше назар аударуда. Кәсіпкерлікте дүкен мен азық-түлік тарату бекеті ашылыпты. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 4 тұрғын үй де бой көтерген. Исембаевтар жанұясы алғашқылардың бірі болып жаңа қоныстарына көшіпті. Жеке баспана әрі жұмысқа жақын дейді олар.

Гүлдарай Исембаева:
1 ай бұрын көшіп келдік.Өте жайлы. Өзімізге ұнайды.

Жеке кәсіпкерлік бұл игі бастамаларын келер жылы да жалғастырмақ. Сондай-ақ өнімді жөнелту аймақтарын кеңейту жоспарда бар. Өңделген ағаш Ресей, Түркия елдеріне экспортталмақ.

Инеш Шоқақова