Қоғам

Петропавлдықтар 2013 жылдан не күтеді

 

 

Өтіп бара жатқан 2012 жыл Назгүл Хамзина үшін сәтті болыпты. Ол өзінің жанына жақын жұмыс тауып, орналасыпты. Бұл Назгүлдің осы жылы болған жалғыз жағымды жаңалығы емес.

 Назгүл Хамзина, “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД маманы:
-Жұмысымда 1 саты болсын жоғары көтерілдім. Сондай-ақ отбасымызда жағымды жаңалық – осы жылы болған аттестациядан жолдасым аман-есен өтіп, өз жұмысында қалды. Яғни өз жұмысын жалғастырып жатыр. Қызыммен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Негізі осы жылға еш өкпем жоқ.

Назгүл жылан жылында да басына бақ қонып, басқан қадамы оң болатынына үлкен үміт артып отыр. Өзгелер үшін де жаңа жылан жылы бақыт пен шаттыққа толы болсын дейді.

Назгүл Хамзина, “Қазақтелеком” АҚ СҚ ОТД маманы:
Әр адам жаңа жылдан жақсылық күтеді. Сыйлық күтеді. Алға қойған жоспарымыз өте көп. Жаңа жыл бізге байлық, денсаулық әкеледі деген ниеттеміз. Сондай қадаммен алға басып келе жатырмыз.

Ұлу жылы қандай болғанын өзге жерлестерімізден де сұрап көрдік. Солтүстікқазақстандықтар 2012 жылды жағымды жаңалықтары мол, табысты болғанын айтты. Әр адам Жаңа жылдан тек жақсылық қана күтеді. Барша халық 2013 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болсын деп тілейді.


Айдана Демесінова