Денсаулық сақтау

2012 жыл облыстық перинаталдық орталық үшін жемісті болды

 

 

Желтоқсанның 24-і Айнұр Мұхамеджанова 2-ші баласын дүниеге әкелді. Табиғи жолмен босанбаса да ананың бүгінгі жағдайы жаман емес. Бұл дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен заманауи технологиялардың арқасында мүмкін болып отыр дейді ол.

Айнұр Мұхамеджанова:
-Елбасымыз бізге үлкен қолдау көрсетіп жатыр. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы ана мен бала денсаулығына арналған. Оның қолдауын сезіп жатырмыз. Уақытында ем қабылдап жатырмыз.

Ағымдағы жылы өңірімізде 7 572 сәби өмірге келген. Оның 4 мыңнан астамы облыстық перинаталдық орталықта дүние есігін ашыпты. Диагностикалау мен емдеу сапасының жоғары болуына заманауи медициналық жабдықтардың көмегі зор. Биыл мемлекеттің қолдауымен емдеу мекемесі 7 жаңа қондырғыға қол жеткізді.

Мұрат Ысқақов, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы:
2012 ж ел қазынасынан бөлінген қаржыға 7 заманауи құрылғы сатып алдық. Ол өкпені жасанды желдету аппараты, нәрестелерге арналған инкубаторлар, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары мен реанимобиль. Реаномобиль ауыр жағдайдағы нәрестелерді, аналарды перинаталдық орталыққа жедел жеткізуге мүмкіндік тудырып отыр.

Биыл «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ультрадыбыстық зерттеу аппараты сатып алынды. Оның құны – 39 млн. теңге.

Вера Аладинская, облыстық перинаталдық орталықтың дәрігері:
Жыл сайын «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа аппараттарды аламыз. Биыл итальяндық фирманың қондырғысына қол жеткіздік.

Бүгінде нәрестелердің реанимация бөлімінде 7 сәби жатыр. Оның екеуі мерзімінен бұрын туғандар. Нәрестелерге күтім жасауда заманауи технологиялардың маңызы зор, дейді ақ халатты абзал жандар.

Инесса Заборских, облыстық перинаталдық орталықтағы нәрестелердің реанимация бөлімінің меңгерушісі:
Соңғы жылдары материалдық-техникалық базамыз жақсарып келеді. Заманауи жабдықтар сәбилерге сапалы медициналық көмек көрсетуге және Елбасының тапсырмаларын абыроймен орындауға мүмкіндік беріп отыр.

Елбасы ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне аса үлкен мән беруде. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау аз емес. Соңғы 5 жылда ана өлімінің 3 есеге азайып, туу көрсеткішінің 1,5 есеге ұлғайғаны осыған дәлел.

Айдана Демесінова