Спорт

Шаңғышылар турнирі

 

Бұл турнирге өңірдің әр ауданынан 12 мен 20 жас аралығындағы 200-ден астам жеткіншек жиналған. Мәреге бірінші болып жету – әркімнің максаты. Бұл Диана Қанжығалиева үшін аса қиын болмапты. Ол 33 сайыскердің арасынан 2 шақырым қашықтықты 7 мин 13 секунд ішінде жүгіріп өтті.

Диана Қанжығалиева, жарысқа қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Маған қыс мерзімі өте қатты ұнайды. Мен жақсы жетістіктер көрсету үшін шаңғымен жаттығу жұмыстарын босатпауға тырысамын.

Жасөспірімдер 5 шақырым қашықтықты бағындырды. Басты мақсат – жақсы нәтиже көрсету. 13 мин 30 секунд уақытымен спорт шеберлігіне үміткер Антон Макаренко жарыс жеңімпазы атанды. Ол шаңғы спортымен 12 жасынан бастап айналысады.

Антон Макаренко, жарысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:

 -Шаңғы – мен үшін өте ерекше спорттың түрі. Соның арқасында мен облыстық және республикалық жарыстарда бірнеше рет жеңімпаз атандым.

Турнир қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының республикалық спартакиадасына қатысатын облыстың құрама командасы жасақталады.