ТКШ

Қоқыс уақтылы шығарылмай жатыр

 

 

Мұнадай көрініс Жуков көшесіндегі 5-үйдің тұрғындары үшін үйреншікті жағдай. Өйткені 2 апта бойы қоқыс мүлдем шығарылмапты. Салғырттық салдарынан 3 күн бұрын өрт те орын алған. Тұрғындар көліктеріміз үшін алаңдадық дейді. Өйткені 4 қоқыс жәшігі автотұрақпен көршілес.

 Лев Палавошев:
– Мына қоқыс қашаннан бері шашылып жатыр. Өткенде жанып, әрең сөндіріп алдық. Өйткені дәл жанында көліктер тұрады.  

Істі тағы бір жайт ушықтырып отыр. Мұнда қоқыстарын тағы 3 үйдің тұрғындары әкелуде. Қоқыс жәшіктері жолда, аялдамаға жақын орналасқан.

– Барлығы қоқысты осында төгеді. Өзіміздің үй ғана болса, мүмкін мұндай жағдай болмас еді.
– Коммуналдық кәсіпорындардың мұндай жауапсыздығынан шаршадық. Күнде көретініміз мына қоқысқа толы аула.  

Тұрғындар күніне бірнеше рет коммуналдық кәсіпорындар мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мамандарына қоңырау шалуда. Тұрмыстық қалдықтарды шығару келісімшарты “Спецавтотранспорт” кәсіпорнымен жасалыпты. Қызметтің ақысы дер кезінде төленеді екен. Сондай-ақ тұрғындар жәшіктердің дұрыс орналаспағандығын айтады. Олар үйге “тиіп тұр”.

 Надежда Дмитриченко:
Мен 1-қабатта тұрамын. Мүгедек балам бар. Арбамен мына жерден өту мүкін емес.  

Қаланың ортасында да осындай көрініс. Мәселен, мынау 3-моншаның маңы. Учаскеге «Жолаушы-СК» ЖШС қызмет етеді. Қораптар, пакеттер, бөтелкелер мен бос ыдыстар – осының бәрін жолдың үстінен табуға болады. Петропавлдықтар жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қаланың түрлі-түсті шамдарға емес, қоқысқа толғанына наразы.

Жаңа жылда бәрінің жарқырап тұрғаны жақсы, әрине. Бірақ мына жағдай көңілге қаяу түсіреді.
Қоқыс қала сыртына шығарылмағалы қашан? Бұл сұрақ бізден басқаны алаңдатпайтын сыңайлы.  

Бұл – Васильев көшесі. Қоқысқа лық толы жәшіктерді тұрғындар түгіл қала қонақтарының бірден аңғарары сөзсіз.
Мына жерден қоқысты айналып, жолдың бойымен өтуге тура келеді. Мәселеге қатысты бір де бір жауапты ұйымды сөзге тарту мүмкін болмады. Мердігерлер жағдайды телефон арқылы түсіндіруге де құлық танытпайтын көрінеді.

Инеш Шоқақова