Бизнес және экономика

Петропавлда үй құрылысы комбинаты салынады



 

Биыл елде аумағы 251 мың шаршы метр 62 баспана қолданысқа берілуі тиіс болса, бүгінге дейін соның 26-сы іске асыпты. Жиналыс барысында, кейбір жерлерде тапсыру бойынша, тіпті, 6 айға кешіктірілген делінді. Бұған себеп мердігер кідірісі, тендердің кеш өткізілуі мен нысанның уақытында қабылданбауы екен. Енді келесі жылы аумағы 185 мың шаршы метр  30 үй халық игілігіне берілуі тиіс. Сондықтан  әкімдер тарапынан қатаң бақылау керек деді Премьер-министр Серік Ахметов. Биыл елде үй салатын зауыттардың құрылысы басталыпты. 2013  жылы осындай 7 нысан жұмыс істейді деп күтілуде. Сондай-ақ, келесі жылы “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-нда мемлекеттік екі жаңа бағдарлама жұмыс істейді. Біреуі – жас отбасыларына, екіншісі – жалға алуға арналған. Отырыста баспаналардың сапасын анықтайтын зертхана салу қажеттігі де айтылды. Үкімет  басшысы тарапынан жұмысты қадағалау тағы бір тапсырылып, республикалық селекторлық байланыс үзілді. Облыс әкімі Серік Біләлов өз сөз кезегінде өңірде салынатын үй құрылысы комбинатының жайын нақтылады.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:

– Үй құрылысына арналған комбинаттың жобалық-сметалық құжатын әзірлеуді тездету қажет. Сосын жыл басында бізге аталған зауытты жабдықтау жөнінде Германиядан өкілдер келеді. Бұл үй құрылысына арналған комбинаттың жұмыс істеуі үшін типтік жобаны да бекіту қажет.

Данаш Хамзина