Бизнес және экономика

Келер жылы өңірімізде мұнай өңдеу зауыты салынбақ

 

Жақында облыс әкімінің басшылығымен сырттан қаржы тарту мәселесіне байланысты халықаралық инвесторлар форумы өткен болатын. Оның барысында бірқатар тың жобалар ұсынылған еді. Солардың бірі мұнай өңдеу зауыттарының бой көтеруі. Мұндай тың жобалардың бірі – М.Жұмабаев ауданының Булаев қаласында салынады деп жоспарлануда.

Амантай Жүсіпов, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры:
– Құдай қаласа, ендігі жылдың басында керек құжаттар дайын болады Инвесторлардың саны бір ғана емес, Қытайдан, Словения, Қазақстан бір альянс болады. Біз өзіміз «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып, олармен ортақ фирма құрмақпыз. Біздің жанымыздан жер, инженерлік коммуникация дейді осымен жәрдем етеміз.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының мамандары өңірімізде мұнай қоры болмағаннан кейін мұндай жобаны жүзеге асыру тиімсіз деген болатын. Дегенмен жергілікті кәсіпкерлер мұндай жоба солтүстікқазақстандықтар үшін қажет деп отыр.

 Амантай Жүсіпов, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанынан инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры:
-Мұнай өндіруші зауыттар батыста бар, шығыста бар, оңтүстік пен солтүстікте жоқ. Қаржы мәселесін нақты айтуға әлі ерте деп ойлаймын. Бастапқыда форумда айтылған сөз бойынша 2 жарым миллиард туралы сөз болған.

Кәсіпорын жылына 5 млн тонна мұнайды өндіруге қауқарлы болмақ. Жоба әзірге қолға алынғанмен, оған қатысты жоспарлар әлі де өзгеруі мүмкін.

Әспет Әбдірешова