Спорт

Ауыл спортшыларының қысқы спартакиадасы

 

 

Желтоқсанның 10 мен 14 аралығында Щучинск қаласында 1  қысқы республикалық ауыл спартакиадасы өткен болатын. Ауыл-селолардың спортта шымыр командалары үшін мұндай дода алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біздің құраманың нәтижесі қуантарлық. 7 өңір ішінде жалпыкомандалық есепте 2-орын. Спортшылар алға тек Ақмола облысының құрамасын жіберді.

Сергей Пермин, олимпиадалық резервті даярлау орталығының директоры:
Спартакиада спорттың 5 түрінен өтті. Шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, спорттық бағдарлау, допты хоккей және отбасылық старттар. Бізде тек соңғысы бойынша спортшылар болмады. Ал өзгелерінің көрсеткіштері жоғары.

Спорттық бағдарлау бойынша солтүстікқазақстандық спортшылар алдына жан салмаған. Бұл спорт түрінен 1-ші орын. Аққайыңдық 17 жасар Әсем Назырова болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірі. Оның спорттық бағдарлаумен айналысқанына 6 жыл болыпты.

Әсем Назырова,  І қысқы республикалық ауыл спартакиадасының шаңғымен спорттық бағдарлау бойынша чемпионы:
Жарыста Шығыс Қазақстан облысының қыздары бізге аса үлкен бәсекелестік көрсетті. Дегенмен біз алға шыға білдік. Енді ел чемпионатына әзірлікті бастаймыз.  

Қысқы президенттік көпсайыс және допты хоккейден де өңір  құрамасы тек жүлделі орыннан көрінген.

Ольга Вернер, І қысқы республикалық ауыл спартакиадасының президенттік көпсайыс бойынша чемпионы:
Мен қысқы президенттік көпсайыста өз жасымда чемпион атандым. Ал бұл спорт түрінен жалпыкомандалық есепте күміс жүлдегер атандық. Бұл жаттықтырушылардың еңбегінің жемісі.
Антон Гаврик, І қысқы республикалық ауыл спартакиадасының жүлдегері:
Ауа райының қолайсыздығына байланысты біздің дода Көкшетау қаласында өтті. Өзге командалар мықты болды. Өйткені олардың спорт сарайында жаттығуға мүмкіндіктері бар.  

Дайындықтары желтоқсанда емес, тамыз айында басталса да біздің құрама 3-орынды иеленіп отыр.

Инеш Шоқақова