Білім

Мектептерде қосымша сабақтар ұйымдастырылуда

 

 

Облыстағы 585 мектепте 73 101 оқушы білім алады.  Оларға  12700 мұғалім сабақ береді. Күннің күрт суытуына байланысты өңірдегі білім ордаларында сабақ беру уақытша тоқтатылған болатын. Енді, оқу бағдарламасын қуып жету үшін мұғалімдер қосымша сабақ өткізуде. Ол – пәннің бөлінген сағатына байланысты жүргізіледі. Осы бағытта жұмыс істеп жатқандардың бірі №10  орта мектеп. Мұнда 832 оқушы білім нәрімен сусындауда.

Елена Балло, №10 орта мектептің директоры:
– Биылғы ауа райының суықтығына байланысты оқушылардың демалыстары бір шама көбейді. Сондықтан да оларға оқу бағдарламасында бекітілген тақырыптарды дер кезінде түсіндіру қажет. Бұл үшін біз де қарап қалмай, бос уақыттарды тауып, қосымша сабақтарды өткізудеміз.  

Табиғаттың тосын сыйы көп. Мұғалімдердің қосымша сабақты өткізуінің 3 жолы қарастырылыпты.

Нұрболат Бикенов, СҚО білім басқармасы бастығының орынбасары:
– Әрбір аптаның 6 күні сабақ өтетін мектептерде күнделікті 6 сабақ болмайды. 4 сабақ немесе 5 сабақ болуы мүмкін. сол кезде 6-шы сабақ қылып өткізуге болады. Екінші, кей сабақтарға берілген 2 сағаттың бір сағатында қосымша сабақты өткізу.  

Мектептердегі қосымша сабақтардың ұйымдастырылуын облыстық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары арнайы қадағалап отырмақ.

Гүлбану Ахметова