Құқық қорғау органдары

Елбасы Жолдауы құқық қорғау органдарына зор міндет жүктейді

 

 

Жуырда ғана құқық қорғау органдарының қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша өңірде 200-ге жуық полицей ішкі істер органдары қатарынан кетті. Мамандар сынақтан кейін қызметіне сай тәртіп сақшылары ғана орындарын сақтап қалды деп отыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау органы қызметкерлеріне жүктелетін міндет жеңіл емес. Елбасы жолдауында полицейлердің біліктілігін арттыру туралы да айтты. Өңірдің тәртіп сақшылары бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр дейді. Қызмет де сапалана түскен. Сондай-ақ Елбасы сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін әр адам қызметіне адал болуы қажет деді. Сонда ғана еліміз алға ілгерілемек.

Гүлбану Ахметова