Қоғам

Бүгін Ауғанстан жеріне кеңес әскерінің кіргеніне 33 жыл толды


 

Бұл жолы ескерткіш басына жиылғандар екі бірдей қаралы күнді аза тұтты. Оның бірі ауған жерінде мерт болған майдандастары болса, екіншісі осы жылдың 25-желтоқсанында Шымкент маңында құлаған ұшақта көз жұмған 27 адамның рухына тағзым ету. Бейбіт күнде мерт болғандарды ардагерлер бір минуттық үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Асан Мұғалімов,  ауған соғысының ардагері:

– Бүгін мына ескерткіш басына екі себеппен келіп отырмыз. Біріншісі шекарашы бауырларымыздың қайғылы жағдайы болса,екіншісі бірге азаматтық борышымызды атқарып жүріп қаза тапқан ауған соғысы ардагерлерін еске алу үшін  

10 жылға созылған ауған соғысында 900-ден астам солтүстікқазақстандық боздақ өздерінің отан алдындағы борыштарын өтеді. Солардың бірі  – Қоспан Бегалиев. Сол тұстағы ержүректігі еленіп, “Ерлігі үшін” медаліменмен марапатталды. Өрімдей жігіт әскери міндетін Ауғанстанның шығыс бөлігіндегі Маджахар деген жерде атқарыпты.

Қосман Бегалиев, ауған соғысының ардагері:

– Бүгін үлкен ренішті күн. Шекарадағы 27 жігіт ұшақпен апатқа ұшырап қайтыс болды. Біз де дәстүр бойынша 27 желтоқсан күні осы ескерткіштің басына жиналып, гүл шоқтарын қойып, жауынгерлерді еске аламыз.

Жас та болса ардагерлер қатарына қосылған аға буын өкілдерінің тілегі – елдің тыныштығы, жас ұрпақтың  амандығы.