Құрылыс

“Қазақтелекомның” жаңажылдық акциясы



 

Жаңажылдық акция желтоқсанның 29-нан басталады. Енді солтүстікқазақстандықтар еліміздің кез-келген нүктесіне берілген жеңілдік арқылы хабарласа алады. Ал ақы көлемі абоненттің қай тәулікте телефон шалғанына байланысты белгіленеді. Ол 10 және 60 пайызды құрайды. Сондай-ақ, желтоқсанның 25-нен 7 қаңтарға дейін ТМД елдеріне жіберілетін жеделхаттарға да 50 пайыз жеңілдік беріліп отыр. Ал, өңіріміздің интернет желісінің ең мықты дамыған түріне қосылғандардың да саны артқан. Ол “Мegaline” және  биылғы жылдан қолданысқа берілген “ID NET” ғаламторы.
Және “Қазақтелеком” компаниясы өз тұтынушыларына жылан жылына сыйлық дайындады. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Megaline Hit” тарифтік жоспарларының жылдамдығы 2 есеге артады. Яғни, 60 гбайтты құрайды. Ал, «Мегалайн Турбо» үшін 100 гбайт.

Гүлбану Ахметова