Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Зенченко и К» серіктестігі жел күшімен энергия өндіретін қондырғыларын таныстырды



 

Қондырғылар Германияда жасалған. Шетелдік мамандар оны аз уақыттың ішінде орнатты. Қондырғы секундына екі метр желдің күшінде жұмыс істейді.

Геннадий Зенченко, «Зенченко и К» КС директоры:
– Бүгін екі қондырғыны қостық. Олардың өндіріс қуаттылығы 1,5 мегаваттты құрап, бір жылдық есеп бойынша сағатына 8,7 млн киловатт қуат өндіреді. Бұл біздің шаруашылықтың қажеттіліктерін өтеу үшін жеткілікті.

Жаңа желі қондырғылары Новоникольск тұрғындарын және ауыл шаруашылық нысандарын электр қуатымен қамтамасыз етуге тартылмақ. Нәтижесінде ауаға жіберілетін зиянды қалдықтар екі есеге азаятын болады дейді мамандар.

Материалды “Қазақстан-Петропавл” арнасының тілшілері әзірледі