Мәдениет

Жас суретші Дарина Габдуллинаның халықаралық байқаудағы жеңісі

 

 

 

Дарина Габдуллинаға туған жер, отан тақырыбы жақын. Байқау болады дегенді ести сала, қарап қалмаған. Еліне деген сүйіспеншілігін қағаз бетіне түсіріпті. Еңбегі бағаланды, жүлделі орын алды. Оның үстіне елордасына барып, бас қаладан үлкен әсер алып қайтты.

Дарина Ғабдуллина, ,”ЮНЕСКО клубы” көркемсурет лицейінің оқушысы:
– Мен 2-орын алдым, мен өте қуаныштымын, Нұрсұлтан Назарбаевтың сарайында болдым,сайысқа еліміздің көп жерлерінен балалар қатысты.

“ЮНЕСКО клубы” көркемсурет лицейінің атынан халықаралық байқауға үздік деген 11 жұмыс жіберілген. Солардың ішіндегі эскизсіз үлкен қағазға кепкен қылқаламмен салынған Даринаның шығармасы жоғары бағаланыпты. Оқушыға осындай ерекше әдіспен сурет салуды ұстазы Ольга Сушкова үйретіпті.

Ольга Сушкова,”ЮНЕСКО клубы” көркемсурет лицейінің оқытушысы:
– Біз Дарина екеуміз бұл суретті салардың алдында көп ойланып, басқаларға ұқсамайтын ерекше бір шығармашылық жұмыс жасауды шештік. Сондықтан эскизсіз үлкен форматты қағазға кепкен қылқаламмен сусыз бояуды енгізген кезде ерекше бір әсем туынды шықты.

Лицейдің тәрбиеленушілері алдағы уақытта да осындай жарыстарға қатысуды ниет етіп отыр.