Қоғам

Психологтар форумы



 

Психология – өзі жеке бір әлем. Адамдар әр түрлі. Олардың ойын, жанын түсіну – кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ол үшін қабілет болуы керек, тәжірибе қажет. Марта Иманова да әріптестерімен әдіс алмасу үшін алыс ауданнан келіп отыр. Балаларға аталған сабақты 4 кезеңге бөліп оқытады екен. Осылайша, тиімді дейді 7 жыл бойы оқушы психологиясын зерттеп жүрген мұғалім.

Марта Иманова, №2 Новоишим орта мектебінің психолог маманы, Ғ.Мүсірепов ауданы:

-Жоғары сыныптың оқушылары көп ашыла бермейді. Олар тұйықтау келеді. Маған бастауыш сыныптармен жұмыс жасаған қатты ұнайды. Өйткені, олар сабаққа белсенді қатысқандықтан, әрбір ойын дамиды, түрленеді.

Ал, жас педагог Раушан Қазбекова өз оқушыларының тілін тапқан көрінеді. Сүйікті ісімен айналысып, үнемі ізденісте жүретін Раушан – республикалық психиологтар байқауында “Үздік зерттеуші психолог” аталымын жеңіп алыпты. Ол – әрбір балаға жекеше қарауға жалықпау керек дейді.

Раушан Қазбекова, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың психолог маманы:

Әр бала – жеке тұлға. Әр бала – дарынды. Сондықтан, ол дарындылықты дамыту керек. Ол үшін ғылыми жобалар жаздырту керек деп ойлаймын.

Сондай-ақ, оқытушылар шәкірттерінің ойын түсініп, дамытуға сабақтың ойын түрінде өткізілетіні де пайдалы екенін алға тартуда. Форум барысында өңірдің психолог-педагогтары өзара тәжірибе алмасып, бақытты болу, адамгершілік құндылықтар, рухани байыту жайында дәрістер оқыды. Ғылыми жобалар жайылған көрмені де тамашалады.

Данаш Хамзина