Кәсіпкерлерді қолдау

Бизнес және экономика

14:08 25 Желтоксан 2012

Шағын және орта бизнесті қолдауға елімізде ерекше басымдық берілген. Дегенмен кәсіпкерлік нысандарын орынсыз тексеру, олардың құқықтарымен санаспау фактілері республиканың барлық аймақтарында кездесіп жатады. Бұл жолы мәселені Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі республика көлемінде көтеріп, бейнеконференция өткізді.

Надежда Дубовая, «СҚ тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау ассоциациясы» қоғамдық ұйымының директоры:
– Қаржы полициясымен экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптен бері байланыс орнатқанбыз. Оның нәтижесі де, көмегі де бар. Мұны тәжірибеден көріп жүрміз.

Кәсіпкерлер қаржы полициясына жиі жүгінеді екен. Облыстық экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жанындағы қоғамдық кеңес тоқсан сайын кәсіпкерлермен кездесу өткізіп отырады. Айталық өткен айда қаржы полициясына 7 кәсіпкер заңсыз тексеру мен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша шағым айтып келген.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
– Қаржы полициясы органдарының басым бағыттарының бірі – бұл шағын және орта бизнесті қорғау, қолдау болып табылады.Қаржы полциясы органдарымен бұл бағытта көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұған қоса департаментпен де.

Видеоконференцияға қатысушылар мұндай кездесулер кәсіпкерлердің құқығын қорғауда пайдалы дейді.

Әспет Әбдірешова

Бұдан әрі оқыңыз

“Даму” қоры баспасөз турын ұйымдастырды
Жас кәсіпкерлерге арналған “Баста” форумы