Спорт

Хоккейден қала біріншілігі

 

 

Күннің суығына қарамастан шайба қуалап, өз шеберліктерін арттыру мына балалар үшін үйреншікті іске айналған. Дәстүрлі турнирге биыл 50-ге жуық жас спортшы қатысуда. Рустам Жұмабаевтың хоккеймен айналысқанына 2 жыл. Командамыздың үздіктер қатарынан көрінеріне сенімдімін дейді ол.

Рустам Жұмабаев, № 23 орта мектептің оқушысы:
– Биыл бізге қала әкімі жаңа форма сыйлады. Ол өте ыңғайлы. Сондықтан ойынымыз да біршама жақсарды деп ойлаймын.

Қазіргі таңда хоккей алаңдары мектептер жанынан да ашылуда. Бұл жасөспірімдердің қысқы спорт түрімен шұғылдануларына жол ашқан. Сол себепті жыл сайын турнирге қатысатын командалар саны да артып келеді.

Дмитрий Белокопытов, № 23 орта мектеп құрамасының жаттықтырушысы:
Біздің құрама мұндай жарысқа бірінші рет қатысып отыр. Балалар үшін зор тәжірибе. Сондықтан олар жеңіске жету үшін бар күштерін салады деген ойдамын.

Біріншіліктің жеңімпазы сейсенбі күні белгілі болмақ.

Инеш Шоқақова