Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Жаңа жылды жасанды шыршымен қарсы алайық» акциясы

 

Қарағай өсетін Куйбышев орман шаруашылығының аумағы 243 гектарды алып жатыр. Оның тең жартысын қылқанжапырақтылар құрайды. Бүгінде мұндағы шыршалардың жайқалып тұрғанына 15-20 жыл болған. Желтоқсан айының басынан бері мұнда ұрлық фактілерін болдырмау үшін бақылау шаралары күшейген.

Өлмес Нұртазин, Куйбышев орман шаруашылығының қорықшысы:
– Сағат 9 кезінде кезекті ауысымды қабылдап аламыз. Оның барысында маған кезекшілігін тапсырушы қорықшымен орманды қарап шығамыз. Осыған дейін ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ.

Заңбұзушылық орын алған жағдайда төленетін айыппұлдың мөлшері – 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Орман қорықшыларына көмектесу үшін бүгін «Жасыл ел» қатарындағы студенттер келіп, бірге рейдтік шаралар ұйымдастырды.

Әділбек Шәріов, «Жасыл ел» жасағының мүшесі:
– Бүгін біз орман қорықшыларымен шыршалардың сақталуын қадағалап жүрміз. Мұндай шаралар қажет деп есептеймін. Себебі ағаштарды кесіп, залал келтірушілер де бар көрінеді. Бұр рейд бүгіннен бастап жаңа жылға дейін жүргізіледі.

Табиғат қорғаушылары шыршалардың сақталуын бақылап, орман маңынан өткен көліктерді де тексереді. Жасыл желекке зиянын тигізгендер жауапқа тартылады.

Әспет Әбдірешова