Бизнес және экономика

Кәсіпкерлерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды

 

 

Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істеуде. Ашық есік күні олардың мүмкіндіктерімен жеке іс иелерін таныстыру жоспарланған.

Диана Хасанова, «Даму» қоры жанындағы кәсіпкерлікті қолдау орталығының менеджері:
– Түрлі банктер кәсіпкерлерге өздерінің жобалары жайлы айтады. Біз «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы жайлы, мемлекеттік қолдау жайлы айтамыз. Кәсібін жаңа бастаған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлер келеді деп ойлаймыз.

Дегенмен шараға қатысуға ниет танытқан кәсіпкерлер табылмады. Есесіне 2-ші деңгейдегі банктер, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері бас қосты. Оңтайлы сәтті пайдаланып, бірқатар мәселе талқылады.

Ольга Цымбалюк, СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы:
– Биыл жергілікті кәсіпкерлер шетелге барып, бизнесті жүргізу бойынша курстарға қатысты. Оқыту семинарлары облысымызда да жиі ұйымдастырылады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасында кәсіпкерлерді барынша қолдау қарастырылған.

Жалпы биыл өңірлік үйлестіру кеңесі 1 мыңнан астам өтінішті  қарапты. 97 жоба мемлекет қазынасынан субсидиялануда.

Инеш Шоқақова