Балалар

Елбасы Жолдауын оқытушылар қызу талқылауда

Елбасы 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясын жариялаған уақытта Қазақстанның ең дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену міндетін қойған еді. Сол кезде біз үшін бұл арман ғана болатын. Алайда «көз – қорқақ, қол – батыр» демекші, бүгінде дамыған елдермен тереземізді теңестірдік. Енді Президент елімізге жаңа мақсат қойып отыр. Ол – дамыған 30 елдің қатарына кіру. Мемлекетімізде мұндай мүмкіндік бар. Бұл үшін әрбір қазақстандық аз да болса өз үлесін қосуы тиіс, яғни барлығымыз жұдырықтай жұмылып осы игі бағытта еңбектенуіміз қажет дейді Гүлбақша Мұсабаева.

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:
-Этносаралық қатынасты дамыту және конфессияаралық қатынастарды дамыту жаңа патриоттық сезім тудырады. Біздің мемлекетімізде 140 ұлт өмір сүріп жатыр. Сондықтан сол бірлікті сқтау керек.

Гүлбақша Мұсабаева білім беру саласында 20 жыл қызмет етіп келеді. Сондықтан ол Елбасының осы салаға, жастардың болашағына зор көңіл бөліп отырғаны ерекше қуантатынын тілге тиек етті.

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:
– Әріптестеріміз, университет ұжымы жақсы қабылдады жолдауды. Бұл жолдауда жаңа әдістемелерді қолдану деген мақсат қойылып жатыр. Оны қазір де біз орындап жатырмыз. Инновациялық әдістер қолдану деген. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін жалғастырып жатыр.

Сондықтан да мақсатымыз айқын, табысқа жету өзіміздің қолымызда.

 Айдан Демесінова