Мәдениет

Петропавлда Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы ашылды

 

 

Облысымызда көсемсөз шеберлері мен қалам иелерінің басын біріктіретін филиалдың ашылуы әдебиеттің жандануына серпін беріп, жас ақындар мен жазушылардың осы ұйымға тартылуына жол ашпақ дейді жиынға қатысушылар. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жанарбек Әшімжан өз сөзінде белгілі ақын М. Жұмабаев пен сөз зергері Ғ. Мүсіреповтей асыл тұлғалардың мекеніне айналған солтүстік өңірде мұндай ұйымның ашылуы – құптарлық іс деп отыр. Яғни, ол алдағы уақытта жазушылар мен ақындардың басын қосар әдеби орталыққа айналуы керек деген ойын білдірді. Кездесу барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мүтәллап Қанғожинға осы ұйымды басқару тапсырылды. Осындай филиалды ашу керектігі жөнінде ол осыдан екі-үш жыл бұрын ұсыныс жасапты. Жиынға қатысушылар мұндай ұйым ел мүддесі мен болашағы үшін жұмыс жасайды деп отыр.

Әспет Әбдірешова