Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД жанынан қоғамдық кеңес құрылды

Жиын қоғамдық кеңестің 13 мүшесін таныстырудан басталды. Ең алдымен, бас қосқандар қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне бірауыздан қалалық мәслихат депутаты Жасұлан Ахметовты сайлады. Ол өз кезегінде сеніп тапсырылған қызметті мінсіз атқаратынын жеткізді.

Жасұлан Ахметов, қалалық мәслихат депутаты, облыстық ІІД жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы:
– Осындай сенім білдіргендеріңізге алғысымды айтамын. Біздің ендігі басты мақсатымыз – құқықтық тәртіпті нығайтып, жемқорлықтың алдын алу. Енді қоғаммен тығыз жұмыс істеп, аз да болса тәртіп сақшыларына қолқабыс боламыз.  

Одан кейін жиында жолда жүру тәртібі мен ережелері жайлы сөз болды. Бүгінде өңірімізде көліктердің жылдамдығын анықтайтын 20 бейнебақылау бар. Облыстық ІІД бастығы Мұрат Ұрұмханов тағы 20 камераның орнатылатынын айтты. Жиында кезектен тыс өткен тәртіп сақшыларының аттестациясы да қорытындыланды.

Қапез Дәулетбаев, СҚО ІІД басқармасының бастығы:
– Қызметкерлердің саны – 2 мың 631 болатын. Кезектен тыс аттестациядан тек 2 мың 353 өтті. Оның 49-ы жұмыстарынан қуылды. Екеуінің қызметі жоғарылады.

Қоғамдық кеңес мүшелері жиыннан соң тәртіп сақшыларының жұмысымен кеңінен танысты.

Гүлбану Ахметова