Денсаулық сақтау

Кардиохирургтердің шеберлік сабақтары



 

 Жүрек ақауымен сырқаттанған науқасқа шұғыл ота жасау қажет болыпты. Бұған дейін мұндай операциялар жүректі тоқтатып, жасанды қан айналдыру құрылғысын қолдану арқылы жасалып келген екен. Енді технология жаңартылды. Қан тамырлар арқылы катетор жіберіліп, ақаулар жойылады.

 Серік Әлімбаев, “Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы” АҚ бөлімінің жетекшісі, Астана қаласы:
– Орталықта заманауи ангиограф бар. Сондықтан, күрделі операциялар жасауға болады. Мамандар да білікті.

Жалпы, біздің облысымызда жүрек сырқатына шалдыққандар тізімінде 600-ге жуық адам бар.

Азамат Мағзұмов, СҚО кардиоорталықтың бас дәрігері:
– Оларды емдеу біздің міндетіміз. 6 науқасқа операция жасалынбақ. Оны экран арқылы басқа дәрігерлер көре алады.

Шеберлік сағаттарына польшалық профессор Роберт Гилл да қатысты. Өйткені дәл осы елде жүрек сырқаттарына шалдыққандарды емдеу әдісі озық саналады. Шетелдік маман өз тәжірибесімен бөліспек.

Роберт Гилл, кардиологтардың еуропалық қауымдастығының мүшесі, Польша:
Мен қан тамырларының сырқаттарын арнайы стенттар арқылы емдеуді ұсынып отырмын. Жалпы, мұндай оталардан кейін науқас тез айығады. Бірден күнделікті жұмысына кірісе алады.

Шеберлік сағаттары 2 күнге жалғаспақ.

Инеш Шоқақова