Қоғам

Елбасы мүгедектерге жұмыс берген кәсіпорындарды ынталандыруды тапсырды

 

Елбасы өзінің жаңа Жолдауында түрлі әлеуметтік бағыттарды қамтыды. Бұл, әрине, қазақстандықтардың көңілінен шыққаны анық. «Қазақстан-2050» стратегиясының орындалуына әл-ауқаты мықты, білімі сапалы халық қана жете алады»,- дейді  саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат диреткоры Жангелді Тәжин де осындай ойда.

Жангелді Тәжин, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры:
2050 жылға дейін даму стратегиясын құрастыру – әрбір мемлекеттің қолынан келе бермейді. Өйткені оны орындау қажет. Сондықтан, Елбасының Жолдауы – біздің еліміздің жыл сайын ілгері жылжып, дамып келе жатқандығының белгісі.

Қазіргі таңда білім беру мекемесінде 150 оқушы тәрбиеленуде. Жылына 10-12 түлек негізгі білім алғаны туралы аттестатқа ие болады. Оларды жұмысқа орналастырып, өмірде өз орындарын табуға көмектесу қажет. Сондықтан, мектеп-интернат директоры Елбасының халықты әлеуметтік қорғау мен жарымжандарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс деген сөздерін ықыласпен қабылдадық деп отыр.

Жангелді Тәжин, саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернат директоры:
Елбасы өз Жолдауында мүгедек жандарды жұмысқа алған кәсіпорындарға квота беру мәселесіне де тоқталды. Бұл, әрине, зор көмек. Өйткені жарымжандардың жұмыспен қамтылуы – күрделі мәселе.

Бұл – Жолдаудың әрбір қазақстандыққа арналғандығын білдірсе керек.

Инеш Шоқақова