Қоғам

Бақыт Мұстафинді еске алу кеші



 

Бақыт Мұстафин өмірінің соңғы жылдары М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болашақ журналистерге дәріс беріпті. Солардың ішінде, сабақ алған журналистика бөлімінің оқытушысы Әшекей Сәуірбаева да бар. Әшекей Жұмағұлқызы сол кездері 4-курста оқыпты. Бір жыл сабақ берсе де Бақыт Мұстафин бізге ұлағатты ұстаз бола білді дейді ол.

Әшекей Сәуірбаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
– Оқытушы,ұстаз ретінде ол кісінің орны айрықша. Дәріс беріп қана қойған жоқ. Дипломдық жұмысыма көмектесті. “Айқын газеті” деп аталатын. Ол кісінің тәжірибесі мол болды. Бізге көп нәрсені үйрететін.  

Журналист Бақыт Мұстафинді өз ұстазы санайтындардың бірі – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын  Зейнолла Әкімжанов. Жазушымен 1975 жылы “Солтүстік Қазақстан” газетіне келген кезде танысқанын айтады. Ойы ұтқыр, білімді жандардың бірі еді дейді ақын.

Зейнолла Әкімжанов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын:
– Бейімбет пен Ғабеңнің стилі болатын жазуларында. Көп жазбайтын, нақты, тәтті, аз жазса да мәз жазатын. Ол бізге ұстаз да болды. 9 жыл қарамағында істедім.

Жерлесіміздің бүгінде 10-нан астам кітабы мен 30-ға жуық очерктер және әңгімелер жинағы бар. Бақыт аға балаларға да арнап жазыпты. Соңғы жазған дүниесін жары Дәмелі Мұстафина жарыққа шығарған екен.

Дәмелі Мұстафина, Б.Мұстафиннің зайыбы:
Біз тәуелсіздік алғаннан кейін «Солтүстік Қазақстанның» бірінші редакторы болды. Көзі тірі болса біз 51 жыл бірге өмір сүретін едік. 60 жылдықта балалар бір кітабын шығарды. 70 жылдығында шығарып үлгере алмады. Сондықтан да мен ол кісінің кітабын шығардым.  

Шара соңында кешке жиналғандар жерлесіміздің жазған дүниелерін “Көрнекті жазушы, журналист” атты кітап көрмесінен тамашалады.

Гүлбану Ахметова