Ауыл шаруашылығы

Ақжардағы ауыз су мәселесі

 

 

Талшық ауылында әрбір 20 метр сайын құдық орнатылған. Тұрғындар өткен жылдары қыстың аязды күндері бұл құдықтар қатып, істен шығатын дейді. Биыл су күні-түні ағып тұр.

-Барлық құдықтар жазда жөнделген болатын. Су қатып қалмас үшін дұрыс қарауымыз қажет. “Ақ Бұлақ” деген бағдарламаны естігенмін. Тамаша жоба екен. Алдағы уақытта да жалғаса береді деген үміттемін.

Жалпы Талшық елді мекенінде су құбырына қосылған 47 құдық бар. Олардың барлығы іске жарамды. Судың сапасы да тұрғындардың көңілінен шығуда.

-Біздегі су жақсы. Сапалы әрі жұмсақ.

Аудан орталығынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Қулыкөл ауылына тіршілік көзі «Есіл СУ» республикалық мемлекеттік мекемесі филиалының магистралды су құбырынан келеді. Бір фляга судың құны – 5 теңге. Аязды күндері ауыл тұрғындары суды тарату орнынан алғанды жөн көреді.

-Судың сапасы тамаша. Нысан үздіксіз жұмыс істейді.

Қарашілік ауылында өткен жылы қатты аязға шыдамай құбырлар қатып қалған болатын. Биыл елді мекенде су тапшылығы жоқ.

Ардақ Анафин, Қарашілік ауылының тұрғыны:

-Бір флягасына 5 теңгеден төлейміз. Бағасы қалтамызды қақпайды.

 Берік Здуалиев, селолық округ әкімі:

-Округте жағдай тұрақты. Барлық мәселелер шешілуде.

Жоба-сметалық құжаттар дайындалғаннан соң Қарашіліктегі тарату жүйелері толық қалыпқа келтірілмекші.

Материалды «Қазақстан-Петропавл» арнасының тілшілері әзірледі