Мәдениет

Тәуелсіздік тойына арналған қалалық айтыс

 

 

Қазақтың төл өнері айтыста қай кезде болмасын елдің кешегісі мен бүгінгісі, оның болашағына ой тастар келелі пікірлер айтылады. Өмірдің ащы шындығы мен көңілге демеу болар жетістіктерді ақындар бүгін де өз жырларына қосып, халыққа жеткізді. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылған айтысқа барлығы 4 ақын, яғни 2 жұп қатысты.

Алтынай Сыздықова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
-Ауа райына байланысты қатысушылардың саны мардымсыз. Алайда үміткерлеріміз көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын. Айтыс деген адамның бойында патриотизмді оятады. Соған байланысты бүгінгі айтыс өтейін деп отыр.

Алғашқы болып айтысқандар – Қызылжар ауданынан келген Жарқын Жұпархан мен Петропавл қаласының намысын қорғаған Аманжол Зағыпар. Екі ақынның айтысы әзіл-қалжың мен өзіндік өрнегі бар мәнді шумақтардан құралды.

Жарқын Жұпархан, айтысқа қатысушы, Қызылжар ауданы:
– Аманжол Зағыпар екеуіміз бірінші жұп болып шықтық. Айтысымыз тартысты, тартымды өтті деген ойдамын. Біздің айтқан сөздеріміз қазіргі қоғамды жайлап алған коррупция, одан кейін көптің көкейінде жүрген ақырзаман жайлы айттық.

Зал көрермендерге лық толмаса да, айтыстың жанашыры бола білген көрермен қауым күннің суығына қарамастан келіпті.

– Жиі келемін. Айтыс маған ұнайды. Қазақтың төл өнері көтеріліп жатыр. Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын баршаңызды.
-Бұл ақындар біздің Қазақстанның жетістіктерін, еліміздің бұрынғы және қазіргі өркендеп келе жатқан кезімізді салыстырып айтып отыр.
Ол өте дұрыс.

Айтыс нәтижесі бойынша бас жүлде – 40 мың теңге Жарқын Жұпарханға бұйырды.

Әспет Әбдірешова