Құқық қорғау органдары

Тәуелсіздік күні қарсаңында полицейлер марапатталды

Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында СҚО ішкі істер департаментінде өткізілген салтанатты жиын  тәртіп сақшыларын марапаттаумен басталды. ҚР Ішкі істер министрлігінің атынан криминалдық полиция басқармасының бастығы подполковник Қанат Айтбаев мерзімінен бұрын  полиция полковнигі  әскери шенін алды. Сондай-ақ, ол “Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін” 1 дәрежелі медальмен де марапатталды.

Қанат Айтбаев, облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
– Әрине бүгін мен өте қуаныштымын. Осы бүгін тәуелсіздік күнінде осындай шен алып жатырмыз. Алда да осылай еліміздің дәрежесін көтеріп, жақсы қызмет етуге тырысамыз.

Әскери шен алғандардың ішінде сержант Естай Жиешов бар. Ол енді полиция лейтенанты атанды. Естай Жиешовтың құқыққорғау органдарының қатарында жүргеніне не бары 4 жыл болыпты.

Естай Жиешов, ҚІІБ патрульдік полиция батальоны взвод командирі:
– Қызмет барысынан жоғары көтеріліп жатырмын. Алдағы уақытта ҚР және облысымызға қолымыздан келгенше жұмыс атқарамыз.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында 73 солтүстікқазақстандық полицейдің әскери шені жоғарылап, мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еңбегі ескерілген тәртіп сақшыларын облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев құттықтады.

Думан Таев, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:
-Біз ҚР тәуелсіздігін атап өтеміз. Бұл күн елімізде еңбек етіп жатқандардың ұлы мерекесі. Құрметті әріптестер, сіздерді осы күнмен құттықтаймын.

Салтанатты жиынның соңы концертке ұласты.