Балалар

Жастардың болашақты қалыптастырудағы рөлі

 

 

Еліміз тәуелсіздік алғалы 21 жыл болды. Осы уақыт ішінде Қазақстан қалыптасу жолында бірқатар даму сатыларынан өтті. Мұны бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушы тәуелсіздіктің құрдастары  жақсы біледі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Айнамкөз Алдаберген елдің ертеңін жалғар жастар әрқашан алдыңғы қатарда болуы керек дейді.

 Айнамкөз Алдаберген, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
–   Болашақта мамандығым бойынша жұмыс істеп, еліміздің өркендеуіне мен де үлес қосқым келеді.Тәуелсіздікті біз жастар үлкен мейрам ретінде құрметтеуіміз керек. себебі біздің ата-бабаларымыз тәуелсіздік жолында көптеген қиындықты өткерді.  

Бүгінде жастардың сапалы білім алып, өзі қалаған саланың маманы атанып, жұмысқа орналасулары үшін мемлекет тарапынан қолдау да бар. Оған «Дипломмен – ауылға», «Жұмыспен қамту», «Жастар практикасы» сынды бағдарламалар дәлел.

 Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және заң кафедрасының доценті:
– Биылғы жылғы Президент Жолдауында адам капиталы туралы мәселе қозғалып жатыр ғой. Сол адам капиталы біздің жастардан қалыптасады. Қазіргі уақытта бізде жас ұйымдар көп қалыптасып жатыр. Біздің облысымызда 50-ден астам жас ұйым бар. Сол барлық жастар осындай ұйымдарға кірсе, оның жұмысын өзінің оқуымен, еңбегімен бірге жасаса, сонда біздің мемлекетіміздің адам капиталы дамиды деп ойлаймын.

Дөңгелек үстел тақырыбына сай  келушілер назарына «Елдің басты мейрамы» деген атпен кітап көрмесі ұсынылды.

Әспет Әбдірешова