Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда инвесторларға қызмет көрсету орталығы ашылды

 

 

 

 

Биыл өңірге құйылған шетелдік инвестиция көлемі 95,9 млн теңгені құрапты. Инвесторларға қызмет көрсету орталығының ашылуы бұл көрсеткішті әлдеқайда арттырады  деген болжам бар. Орталық директоры Амантай Жүсіпов іскерлік келіссөздердің жүргізілуі, кездесулер мен таныстырылымдардың өткізілуінен хабардар етті. Облыс әкімі құрылымның міндеттері мен мақсаттарына тоқталды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
Келер жылы орталық толықтай қаржыландыратын болады. Өйткені құрылым әкімдіктің қарамағында. Сондай-ақ Булаев қаласында логистикалық орталық ашу мәселесі қарастырылмақ. Өзге аудандарда да оның филиалдары жұмысын бастамақ. Бұған инвестор болуға Германияның бизнес өкілдері ниет танытып отыр.

Бөлімнің мамандары қатаң іріктеуден өткен. Сондықтан орталық жан-жақты, инвесторлармен жұмыс істеу ісінде тәжірибесі мол қызметкерлерден құралып отыр.

Амантай Жүсіпов, инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры:
-Біздің міндетіміз – облысымызға сырттан инвесторларды тарту. Олармен бірге жобаларды қарастырып, жұмыс жасау. Қытай, Ресей, Кореядан инвесторлар келіп жатыр.

Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірлерінде ашылмақ.

Инеш Шоқақова