Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау басқармасы жылды қорытындылады

Қазіргі күні медицина саласы қарыштап алға басуда. Себебі мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау ұшан-теңіз. Соның бірі денсаулық сақтау саласының заманауи қондырғылармен жарақтануы. Мемлекеттің де қолдауы күшті. Бүгінде емханалар мен ауруханалар үкіметтен бөлінген қаржымен қатар өздеріне қажетті басқа қондырғыларды лизинг арқылы алуға қол жеткізіп отыр.

Анатолий Ко, денсаулық сақтау басқармасының бастығы:

 

 -Қазіргі күні облысымыздың емдеу мекемелері лизингке қондырғы алуда еліміз бойынша бірінші орынға шығып отыр. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Себебі осы арқылы материалдық-техникалық базамызды жаңарту үстіндеміз. Мұның бәріне Елбасының “Саламатты Қазақстан 2011-2015” мемлекеттік бағдарламасы арқылы қол жеткізіліп отыр.

Шарапаты мол бағдарламаның шапағатын көріп отырған емдеу мекемелері аз емес. Дәрігерлер, бұл бізге заманауи қондырғылармен жұмыс істеуге жол ашты, оның үстіне біліктілігіміз де артып отыр дейді.

Анатолий Рафальский, Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері:

-Эндовидеостойка деген қондырғыға қол жеткіздік. Ертеректе арман болған аппаратта қазіргі күні біздің дәрігерлер отаның бес түрін жасауды меңгеріп алды.Оның бәрі пышақсыз. Бұл селодағы медицина үшін үлкен жетістік.

Алқа отырысы үздіктерді марапаттаумен жалғасты. Онда сегіз дәрігер министрліктің “Денсаулық сақтау саласының үздігі” белгісіне қол жеткізді. Солардың бірі Елена Казиева

Елена Казиева, облыстық аурухананың пульмонолог-дәрігері:

-Еңбегімнің ескерілгеніне өте қуаныштымын. Бүгінгі марапатым жұмысымды одан әрі жақсылап істеуге міндеттейді. Әрі жауапкершілігімді арттыра түседі.

Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен маратталғандар арасында № 3 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі Зурәш Бектембаева да бар.Еңбек өтілі 19 жыл

Зурәш Бектембаева, №3 қалалық емхананың учаскелік мейірбикесі:

-Қазіргі күні емханамыз заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мамандарымыз жоғары білікті. Науқастарға сапалы көмек көрсетуге толық мүмкіндік бар.

Ал облыс әкімінің құрмет грамотасына қол жеткізгендердің бірі Айнагүл Қасейінова. Ол Явленкадағы жедел жәрдем станциясының фельдшері болып еңбек етеді.

Айнагүл Қасейінова, жедел жәрдем станциясының фельдшері, Есіл ауданы:

Медицина саласында еңбек еткеніме 20 жыл. Жұмысымның жоғары бағаланғанына қуаныштымын.

Ақ халаттылар мұндай құрмет әрқайссымызды ынталандыра түсері сөзсіз, алайда біз үшін ең үлкен сыйлық – халқымыздың денсаулығы дейді.

Самат Есмағи