Қоғам

Бір топ петропавлдықтар облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды

 

 

  

Қазақстан 21 жыл ішінде экономикалық және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырған, тұрақты, мықты да көркейген мемлекетке айналды. Елімізді әлем таныды. Оған дәлел Елордасы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесі. Қала әкімі Болат Жұмабеков бұл биіктерді бағындыруға барлық қазақстандық атсалысты дейді. Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Петропавлда жаңа балабақша есігін ашпақ.

Болат Жұмабеков, Петропавл қаласының әкімі:
– Бүкіл елімізде ең маңызды мерекелердің бірі. мемлекетіміздің 21 жылдығы аталып өтуде. Тәуелсіздік күні бейбітшілік пен тұрақтылық, ұрпақтар сабақтастығы мен ата-бабамыздың дәстүрін құрметтеу нышаны. Мен сіздерді осы тамаша мерекемен құттықтаймын.  

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты жиында өңірдің дамуына үлестерін қосқан белсенді жерлестеріміз марапатталды. Солардың ішінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ математика кафедрасының доценті Болатбек Батыровтың да еңбегі ескерусіз қалмады. Ұстаз өңір басшысының алғыс хатына ие болды.

Болатбек Батыров, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ математика кафедрасының доценті:
– Бүгінде еліміз дүниежүзіне белгілі мемлекет. Осының бір айғағы ретінде жуырда ғана Париж қаласында еліміз ЭКСПО көрмесін өткізуге мүмкіндік алды. Алғашқы жылдармен салыстырғанда  білім жүйесінде бірқатар өзгерістер болды.

Салтанатты жиында тәуелсіздік құрдастары да ескерусіз қалмады.

Бибігүл Қазантаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ 4 курс студенті:
– Осыдан 21 жыл ҚР бұрын ата-бабаларымыз талай жылдар аңсаған өз тәуелсіздігін алған. Мен де осы күні Петропавл қаласында туғаныма өте қуаныштымын. Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында еліміз биік белестерден көріне бермек.  

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.
 
Гүлбану Ахметова