Құқық қорғау органдары

Ювеналдық сот жарты жылда атқарған жұмысын қорытындылады

 

 

Ювеналдық сот құрылғалы айыпталушылар орнында 35 жасөспірім отырса, оның 6-уы бас бостандығынан айырылыпты. Бұл заңға қайшы әрекет жасаған кәмелеттік жасқа толмағандардың шамамен 20 пайызы ғана. Өйткені «Жасөспірімдерге қатысты негізінен бас бостандығын шектеу сынды тәрбиелік шаралар қолданылады»,- дейді Бақыт Қасейінов. Кей тұста жасөсіпірімдер өздерінің әрекеттерін заңбұзушылық деп танымайтын көрінеді. Сондықтан «ойыннан от шығарған» кездер де бұл соттың тәжірибесінде жиі кездеседі.

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
Мәселен, екі 14 жасар бала көршілерінің үйіне ұрлыққа түскен. Олар бал, жидек тосабы, күміс алқа мен азын-аулақ ақшаны қолды қылған. Бірақ олардың негізгі мақсаты – өздеріне үнемі ескерту жасайтын қарияға сабақ жасау болған екен. Ата-аналары шығынның орнын толтырды. Балалар кінәлі деп табылды.  

Бірақ олар қылмыстық жауапқа тартылмапты. Сонымен қатар ювеналдық сот кәмелеттік жасқа толмағандарды сату, алимент төлеуден жалтару, біреудің мүлкіне зақым келтіруге қатысты істерді де қарастырады. Нәтижесінде 25 адам жазаға тартылған. Ал қарастырылған әкімшілік істер саны -184.

Бақыт Қасейінов, СҚО кәмелетке толмағандар істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:
Бұл істер қатарына 18 жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сату енеді. Мұндай 52 жағдай орын алыпты. Сатушыларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. Бұл 8090 теңге.  

Ювеналдық сот 82 азаматтық істі қарапты. Олар негізінен ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу мәселелеріне қатысты. Бұл істер 2 ай көлемінде қарастырылатын көрінеді.

Инеш Шоқақова