Құқық қорғау органдары

Мерекелер қарсаңында қалта ұрлығы көбейді

 

 

Жыл сайынғы тәжірибе көрсетіп отырғандай қылмыстың орын алатын жерлері адамдар көп жиналатын базарлар мен қоғамдық көліктер болып отыр. Соңғы кезде қоғамдық көліктерде жиі әмияндар мен байланыс құралдары ұрлануда. Баукеспелер көліктерде адамның көптігін пайдаланып, өз істерін жасайды. Автобустың ішінде қылмыскер жалғыз, не серіктесімен де болуы ғажап емес. Жедел уәкілдердің айтуынша ұрыға қалтадағы немесе сөмкедегі ұялы телефонды алып шығу үшін не бары он секунд уақыт керек екен. Сондықтан да ұрылардың қармауына түспеу үшін тексерілген әдістің бірі ол бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына салу қажет. Мұндай ұрлық базар аумағында да жиі кездесуде. Сатып алушылар қаптап кетсе, қылмыскерлер осы жағдайды пайдаланып, қалтадағы ақша немесе басқа да заттарды қолды қылады. Бағалы затыңыз қолды болса, уақыт оздырмай полицияға хабар беру керек дейді тәртіп сақшылары. Тек осылай ғана сіз өз затыңызды қайтара аласыз және тәртіп сақшыларына қылмыстың ізін суытпай ұрыны ұстауға септесесіз.

 Гүлбану Ахметова