Спорт

Волейболдан облыстық турнир



 

Облыстық турнир басталмас бұрын 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі құрбандарын еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жаряланды.
Жамбыл ауданынан келген “Жаңажол” командасы қалалық №32 орта мектеппен сынға түсті. Екі жақ та мықты. Ойыншылар алма-кезек бір-бірін шабуылдаумен болды. Әйткенмен жамбылдықтар қарсыластарынан мықты екендіктерін дәлелдеді.

Дулат Анбаев, “Жаңажол” командасының капитаны, Жамбыл ауданы:
– Жеңіске жетеміз деген үміттеміз.

Екінші болып  алаңға №19 мектеп  пен әскери институттың командасы шықты. Ойынның басынан  №19 мектеп  мұғалімдерінен жасақталған құрама сәтті қорғанысымен қоса, әдемі голдарды жаудыра білді. Жыл сайынғы дәстүрге айналған турнирді №19 мектеп командасы қалт жіберіп көрген емес. Олар тартысты додада жеңіске жететіндеріне сенімді.

 Нұржан Исмаилов, №19 мектеп  командасының ойыншысы:
-Жақсы дайындалдық. Жеңеміз деп ойлаймын.

Волейболдан облыстық турнир 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын жарысқа қатысушылардың саны да артып отыр дейді мұндағылар. Бастапқыда қалалық турнир болып өткізіліп келіпті, соңғы жылдары облыс көлемінде ұйымдастырылуда. Бұл жолы қала әкімінің кубогын 10 команда сарапқа салды.

 Өмір Есқали, Н. Қалиасқаров атындағы “Желтоқсан” қоғамдық қорының төрағасы:
– Қызылжар, Жамбыл аудандарынан қатысып отыр. Жамбыл ауданынан 3-ші  рет келіп отыр «Жаңажол» деген команда. Бескөлдегі “Парасат” мектебінен мықты-мықты ойыншылар келіп отыр.

16-шы рет ұйымдастырылған облыстық турнирдің қорытындысы бойынша қала әкімінің кубогын қалалық калссикалық гимназияның ұстаздары иеленсе, 2 орынға әскери институт, үздік үштікті Бескөлдегі “Парасат” мектеп-лицейі қорытындылады.

 
Гүлбану Ахметова