ТКШ

Есептегіш құралдардың тиімділігі

 

К.Сүтішев көшесіндегі 49-шы үйдің тұрғындары қазан айында жылу есептегіш құралын орнатыпты. Құрылғының құны 1 жыл бойы бөліп төленетін болады. Ай сайын әр пәтерден шамамен 456 теңге. Тұрғындар: «2 ай ішінде қаражатымыздың үнемделгенін байқадық»,- дейді.

Анатолий Мишин, үй тұрғыны:
Қазір қолданылған энергияның 1 шаршы метріне қазан айында 15,7, ал қарашада  – 21,68 теңге төледік. Яғни 3 бөлмелі үй үшін 1000 – 1500 теңге шамасында.

Ал бұған дейін бұл сома 5 мың теңгеге таяу болған көрінеді. Құралдың тиімділігін Горький көшесі, 179- үйдің пәтер иелері де аңғарған. Қазірдің өзінде құрылғыны орнатуға жұмсалған шығынның 70 пайызға жуығы өтеліпті.

 Александр Васильев, «Тандем» ПИК төрағасы:
Құрал жылуды қоспайды да, азайтпайды да. Ол тек оның мөлшерін санайды. Энергияны үнемдеу үшін баспананың барлық жылыту жүйесінің жағдайын жақсарту қажет.

Биылғы жылы үнемшіл тұрғындардың қатары артқан көрінеді.

Нелли Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары:
Биыл қалада 270 есептеуіш құрал орнатылды. Бұл шамамен 30,4 пайыз. Мұның арқасында біраз үнемдеу байқалады.

Құралдарды орнату  – ең алдымен энергияның тек қолданылған мөлшеріне төлем жасаудың бір жолы.

Инеш Шоқақова