Салық басқармасы

Салық төлеушілер назарына

 

 

Салық департаментінің мамандары салық төлеушілерге  заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес бір жолғы талон негізінде арнаулы салық режимінің тоқтатылатынын ескертуде. Жеке кәсіпкерлер 23 күннің ішінде патент немесе декларация негізінде арнаулы салық режиміне көшуі тиіс. Мамандар бұл жаңашылдықтың бизнеспен айналысатындар үшін әлдеқайда тиімді екенін алға тартып отыр.

Жаңыл Қабдошева, СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:
– Патент немесе оңайтылған декларация 2-3 есеге тиімді.  

Жеке кәсіпкерлер патент немесе оңайлатылған арнаулы салық режимі – екеуінің бірін таңдаған болса, 2013 жылдың 1 қаңтарында жаңа арнаулы салық режимі күшіне енеді. Егер үлгермесе, жаңа жылдан бастап жалпыға бірдей тәртіп бойынша  салық төлейтін болады.

Жаңыл Қабдошева, СҚО бойынша салық департаментінің салық заңнамасын түсіндіру басқармасының бас маманы:
– Салық төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер өзі үшін  әлеуметтік салықты екі АЕК мөлшерінде, ал әр жұмыскері үшін бір АЕК  төлейді.  

Сондықтан да жеке кәсіпкерлер уақыттында жаңа арнаулы салық режиміне көшкендері дұрыс дейді мамандар.  

Гүлбану Ахметова