Мәдениет

Петропавлда Киев артистері өнер көрсетті



 

Оперетта – сахналық диалогтар мен бидің үйлесімі. Және ең бастысы ол көрерменнің көңілін көтерерліктей қойылым. Мұнда ария, дуэт, ансамбль, хор – бәрі жеңіл орындалады. Бұл жолы дирижерлік пультте – Киев ұлттық академиялық оперетта театрының дирижері Дмитрий Морозов. Тәжірибелі музыкант солтүстікқазақстандықтарды әйгілі және тың туындылармен қуантпақ.

Дмитрий Морозов, Киев ұлттық академиялық оперетта театрының дирижері, Украина:
– «Мысықтар» мюзиклінен «Мемори» , «Роберто» мюзиклынан «Дым», туындыларын орындаймыз. Мен бірнеше ұжыммен өнер көрсеттім, сондықтан сіздердің оркестрларыңызға жоғары баға бере аламын. Концертке 4 күн бойы дайындалдық.

Көрермендерге премьера да ұсынылды. Роберт Штольцтың «Ария Венеры медленный вальс» туындысын алғаш болып Елена Ширяева орындап отыр.

Елена Ширяева, Киев ұлттық академиялық оперетта театрының еңбек сіңірген әртісі, Украина:
– Мен бұл премьераны 18 жыл күттім. Сондықтан өте қуанышты сезімдемін. Жалпы мен орыс, неміс, итальян, ағылшын және украин тілдерінде ән шырқаймын.

Музыканттар өңірімізге облыстық симфониялық оркестрдің дирижері Сергей Имашбаевтың шақыруымен келген.

Сергей Имашбаев, облыстық симфониялық оркестрдің дирижері:
– Біз бұл музыканттармен интернет желісі арқылы таныстық. Олардың жетістіктері ауыз толтырып айтуға тұрарлықтай. Сондықтан мұндай мүмкіндікті қалт жібермей, бірге концерт беруге шақырдық.

Сондай-ақ өнер сүйер қауым Анна Имашбаеваның дирижерлік етуімен «Пираты Карибского моря» фильміне жазылған саундтректы тыңдай алды.

– Концерт өте ұнады. Украинадан келген әртістердің өнеріне тәнті болдым.
– Мен өзім флейтада ойнаймын. Сондықтан музыка жаныма жақын. Концерт өте ұнады.

Енді көрермендер музыканттардың келесі келуін асыға күтпек.

Инеш Шоқақова