Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандықтар өндірген ауыл шаруашылығы өнімдері сұранысқа ие



 

Облыс орталығында азық-түлік  бағасын тұрақтандыруға бағытталған жәрмеңке әр апта сайын өткізіліп тұрады. Қала және ауылдан әкелінген өнімдер Петропавлдағы “Корона” сауда үйі, “Дария”, “Алтын Арман” және “Қызылжар-Ақбастау” базарларына жайылады. Жәрмеңкеде саудаланатын өнімдердің бәрі нарықтағыдан 10-30 пайызға арзан. Және айта кету керек соңғы үш жылда жұмыртқаның бағасы тұрақты. Жыл санап өнімдердің түрі артып, 25-ке жетіп отыр. Өнімін қалаға әкеліп сатамын дегендер үшін базарлардан тегін орын да қарастырылған, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Абдоллаев. Жыл басынан өңірде 422 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткен. 550 млн теңгенің өнімі саудаланыпты. Петропавлдың өзінде 169 жәрмеңке ұйымдастырылып, шаруалар 347 млн теңге табыс тапты. Биыл облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Алматы қаласында өткен жәрмеңкеге қатысып қайтты. Осылайша 36 шаруа қожалығы алматылықтарға 42 млн теңгенің азық-түлігін ұсыныпты. Негізінен апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеге аудандар кезекпен қатысады екен. Осы жолғы ауылшаруашылық жәрмеңке сенбіде өтпек.

Гүлбану Ахметова