Қоғам

Шыршалар күзеті күшейтілді

 

 

Ұлу жылы да аяқталып қалды. 26 күннен кейін есігімізден жаңа, жылан жылы кіреді. Мерекенің көркі жасыл шыршалар болғандықтан бұл уақытта ормандағы жасыл желекке қауіп төнеді. Сондықтан орманшылар шыршаларға қатаң күзет қойған.
Бахытжан Хамзиннің Куйбышев орман шаруашылығына қарасты 1-ші бекетте жұмыс істеп жүргеніне 5 жылдан асқан. Ол орманды түрлі залалдардан сақтап, күзетеді. Орманшы өз қызметімде жасыл желекке заңсыз балта шапқан жағдайды кездестірмедім деп отыр.

Бахытжан Хамзин, Куйбышев орман шаруашылығының егері:
– Келген машиндерді тексереміз.

Қызылжар мемлекеттік орман мекемесіне қарасты 6 бекетте 41 орманшы күндіз-түні кезекпен күзетте. Заңсыз әрекеттер орын ала қалса, 13 мобильдік топ дайын тұр.

 Ербол Бапашев, Қызылжар мемлекеттiк орман мекемесiнің инженер-күзетшісі:
– Заңсыз ағаш кесу фактілері тіркелген жоқ.

Облыс бойынша шыршаны заңсыз  кесу фактісі былтыр тіркеліпті. Онда 4 қылқан жапырақты шабылған. Мәселен, 1 шыршаны өсіру үшін орта есеппен 15 жыл қажет дейді орманшылар. Негізінен өңірімізде шыршаны саудалауға да тыйым салынған. Тек көршілес елдерден әкелінген көпжылдық өсімдікті өткізуге болады. Оған арнайы рұқсат қағаздары болуы тиіс.

Назар Қапаров, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:
– Облысымызда 50 бекет және 142 мобильдік топ жұмыс істеуде.  

Көп халық қатысатын мерекелік шараларды өткізуге облыстық әкімшіліктің тапсырысымен 1088 шырша қарастырылып отыр.

Гүлбану Ахметова