Мәдениет

Петропавлдықтар үш күн бойы балет өнерін тамашалады

 



“Мастер и Маргарита” романы үзіліссіз қойылды. Негізінде уақыт туындының мағынасын ашуға әбден жеткілікті болды. Трагедияның басты кейіпкерлері Мастер мен Маргарита бір-біріне ғашық, бірақ екеуі қосыла алмайды. Кейін екі ғашықтың мақсаттарына жетуіне шайтан көмектеседі. Қойылым сәтті шықты.  

Алматыдағы би театрына  – 45 жыл. Осы уақытта Петропавлға 8 рет келіпті. Болат Аюханов ыстық ықыласпен қарсы алатын солтүстікқазақстандық көрермен үшін ең жақсы қойылымдарды ұсынғанын айтады. Өнер майталманы жергілікті көрермен талғамының жоғары екенін де байқадық дейді.

 Болат Аюханов, Мемлекеттік академиялық би театрының жетекшісі, ҚР халық әртісі:
– Жаман көрермен болмайды, тек нашар қойылым болады. Петропавлға жиі келуге тырысамын. Бұл жер маған ыстық. Көрермен үлкен өнерге бас иіп, бағалай біледі.  

Би арқылы көп дүниені сөйлетуге болады. Болат Аюханов жетекшілік ететін театр ұжымы бұл жерде мақсаттарына жетті. Биік өнерге шөліркеген халық туындыларды үзіліссіз тамашалады. Алған әскерлері де керемет.

Бәрі керемет, қойылым жақсы шықты. Бәрінің де көңілкүйі көтеріңкі.
Ал, маған нәзік жандардың арасында ер адамдардың өнер көрсетуі қатты ұнады. Мен ойлағаннан да жақсы болып шықты.
Бізде балет көп бола бермейді. Теледидарда көрген, өз көзіңмен қарағанға жетпейді.  

Театр ұжымы осылайша биылғы гастрольдік сапарын Петропавл қаласымен аяқтады. Алда өнер майталманы Болат Аюханов бастаған шаңырақтың алар асулары көп. Ұжым Алматы қаласына аттанды. Олар енді жаңа туындыларды өмірге әкелмек.

Гүлбану Ахметова