Құқық қорғау органдары

Прокурорларды аттестаттау қорытындысы


 

Аттестацияда қадағалаушы орган қызметкерлері ҚР-ның заңнамаларын білу, логикалық ойлау қабілеті мен психологиялық орнықтылықты тексеруге негізделген сынақтарды тапсырулары тиіс болатын. Нәтиже мынадай:

Қонысбек Ибраев, Петропавл қаласының прокуроры:
– СҚО прокуратурасының 25 қызметкері Орталық аттестаттау комиссиясымен аттестаттауға жатады. Олар «он-лайн» режимінде кезектен тыс аттестаттаудың барлық кезеңінен өтті. Әңгімелесу қорытындысы бойынша 2 қызметкер жоғары лауазымға аттестатталды. Тағы екеуі, керісінше, төмендетілді.

Ал 122 жедел қызметкер сынақты Өңірлік аттестаттау комиссиясына тапсырды. Олардың 96 пайызы қызметіне сай деп табылған. 7 -уі жоғары лауазымға ұсынылып отыр.

Қонысбек Ибраев, Петропавл қаласының прокуроры:
– Біреуі лауазымынан төмендетуге ұсынылды. Сондай-ақ 3 қызметкер лауазымына сәйкес емес деп танылып, прокуратура органдарынан босатылмақ.

Жалпы аттестациялау қорытындысы бойынша республика деңгейінде облыстық прокуратура қызметкерлерінің көрсеткен нәтижесі көңіл көншітерлік.

Инеш Шоқақова