Мәдениет

Казак әндері кеші



 

Зал адамға лық толы. Сібір казактары әскерінің құрылғанына 430 жыл.  Мерейтойға  еліміздің бірқатар аймақтары мен РФ қонақтар келіпті. Атамандар Қазақстанда ұлттық дәстүрлерін жаңғыртуға мүмкіндік алдық дейді.

 Николай Авдеев, СҚО “Братство сибирских казаков” ҚБ  басшысы:
– Сібір казактарының әскері 4-ші Иван Грозныйдың жарлығымен 1752 жылы құрылды. Бұған Ермак Тимофеевичтің Сібір хандығын жеңуі сеп болды. Сол уақыттан екі жақ ымыраға келіп, халықтар  достасып кетті. Қазақ жері де біздің ұстанымызға тән ынтымақтастық пен бірлік мекені.  

Валерий Попов, Қорған казактарының атаманы:
– Мені бірлігі жарасқан Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында жиналып, бір ананың балаларындай мемлекеттің игілігіне еңбек етіп жатқаны қуантады.

Едиль Джалимов, Казак қоғамдық бірлестіктері одағының атаманы:
– Біз бұл атаулы мерекені ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында өткізіп жатырмыз. Біздің ұйым мемлекеттік мейрамдардан шет қалмайды. Бұл біздің ортақ үйіміз. Сондықтан ел шеңберіндегі қандай да бір оқиғаға бірдей жұмылуымыз қажет.

Концертке үздік деген казак шығармашылық ұжымдары қатысты. “Звонница – Наследие” вокалды хореографиялық ансамбль ел тәуелсіздігімен бірге 20 жасаған. Репертуарларында 90-нан артық халық әні бар.

 Антонина Мотур, “Звонница” казак халық хорының әншісі:
– Біз негізінен казак, орыс халық әндерін орындаймыз. Тютчевтің, Есениннің классикалық туындылары да бар.

Казак мәдениетінің таңдаулы туындыларын насихаттаушылардың өнерін көрермен ұйып тыңдап, тәнті болды.

– Бір деммен отырып тамашаладым. Әндері мен билері керемет үйлескен. Екі жыл болды өнерлерін қызықтап жүргеніме.
– Концерттен қуаттанып, мол әсер алып шықтым. Әндері толықтай жанды дауыспен айтылады. Ең қызықтыратыны осы табиғи дарындары.  

Жеңіс Ермұқанов