Қоғам

Ұлт көшбасшысының стратегиялық ұстанымдары

 

«Елбасының мемлекеттегі мәдени құндылықтарды сақтаудағы рөлі зор»,- дейді баяндамашылар. Ол – этнос және конфессияаралық келісім моделінің авторы. Сондықтан Президенттің жетістіктерінің бірі ретінде Қазақстан халқы ассамблеясының құрылып, жемісті жұмыс атқаруын атап өтуге болады.

Әлімжан Мәжітов, ардагер ұстаз:
– Дөңгелек үстелді ұйымдастыру – Тұңғыш Президенттің жетістіктерін тағы бір мәрте еске алуға сеп болмақ. Оны барша әлем мойындап отыр. Бұл әрбір қазақстандық үшін зор мәртебе.

«Тұңғыш Президент және жастар саясаты». М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті Динара Мақсұтова осындай баяндамамен келіп отыр. «Тұңғыш Президент күнінің мемлекеттік мереке ретінде аталып өтуі келер ұрпақ үшін маңызды», – дейді ол. Өйткені Елбасының еңбегі мен өмірлік жолы жастарға өнеге болмақ.

Динара Мақсұтова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
-Елбасы жастар саясатына ерекше көңіл бөледі. Біз де өз кезегімізде, еліміздің гүлдену жолында аянбауымыз тиіс.

Сондай-ақ жиында қазақ тілін меңгерудің маңыздылығы мен білім беру саласында инновацияларды қолдану мәселесі талқыланды. Бұған Елбасы өзінің әр жылғы Жолдауында баса көңіл бөліп отыр.

Инеш Шоқақова