Қоғам

Судьялар ҚР Тұңғыш Президентінің рөлі туралы пікір алмасты

 

 

Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғары заңдық күші бар. Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады. Бүгінгі дөңгелек үстелде бас қосқан қатысушылар да Қазақстан сот жүйесінің қалыптасуындағы Елбасының еңбегін ерекше атап өтті.

Бірлік Тәшімов, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары:
ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстан халқының бірлігін, Конституциямен қорғалған, азаматтардың құқықтары мен бостандықтырына кепіл болатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы. Саяси қайраткерлігінің басынан бастап ол кісі егемен мемлекет құру идеясы мен елдің экономикалық дамуы жолында ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен азаматтардың әл-ауқатын көтеруге аса зор көңіл бөлді.

Әділдіктің жаршысы ретінде қара қылды қақ жарып, заң тұрғысында жасалып жатқан істердің дұрыс-бұрыстығын анықтауда сот қызметкерлерінің еңбегі өлшеусіз. Сондықтан да Елбасы бұл сала мамандарының өз міндеттерін адал атқаруы үшін әрқашан білімдерін жетілдіріп, жан-жақты болу керектігін алға тартып келеді.

Владимир Кириленко, «ҚР Сот одағы» облыстық филиалының төрағасы:
Қазақстан соттар одағының соңғы бесінші съезінде Елбасы барлық сот корпусын халыққа қызмет көрсетуге шақырды. Яғни әрбір қарапайым адамның әділеттілікке жетуіне аса зор көңіл бөлу керек деді.  

Жиынға қатысушылар еліміздің Ата заңы халықтың еңбек етіп, жақсы өмір сүруіне жағдай жасап отыр дейді. Бұл жолдан таймау әр азаматтың өз қолында.

Әспет Әбдірешова