Спорт

Шағын футболдан облыс чемпионаты

 

 

Ең алдымен жазғы спартакиаданы ұйымдастыруға өз үлесін қосқандар кубок, грамотамен марапатталды. Солардың ішінде облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат  директоры Ризабек Какпенов те бар. Ол жасөспірімдер  арасында спортты дамытуға өз үлесін қосқаны үшін ҚР Туризм және спорт министрлігінің   төс белгісімен марапатталды.

Ризабек Какпенов, облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат директоры:
-Біздің интернатта 10 спорттық секция жұмыс істейді. Балалардың арасында спортты дамытуға көп көңіл бөлінуде.

Марапаттаудан кейін  футбол алаңына бірінші болып, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің командасы мен Бескөл ауылының “Парасат” мектеп-лицейінің құрамасы шықты. Ойын бірден тартысыты басталды. Қалалық құрама алғашқы таймда өздерінің мықты екендіктерін көрсетіп, бірінші болып есеп ашты. Үзілістен кейін  ойын қайта жалғасты. 2 голды тағы да Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің командасы қарсыластарының қақпасына дарытты.  Алайда екінші таймда “Парасат” мектеп-лицейінің құрамасы есепті теңестіріп үлгерді. Сөйтіп, ойын 3:3 есебімен аяқталды.

Ален Шалов, Қызылжар командасының капитаны, Бескөл аулы:
– ПСЭК-тен бастапқыда ұтылғанымызбен кейін есепті теңестіріп үлгердік.  

Облыстық чемпионатқа ұлдардан 18 команда және қыздардан 14 құрама қатысуда. Тартысты доданың қорытындысы жексенбі күні белгілі болады.

 Гүлбану Ахметова