Балалар

«Елі сүйген Елбасы» байқауы

 

 

Жұлдызай Жақыпова «Елін сүйген Елбасы» жайында шығарма жазыпты. Ол мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа барлық мектеп оқушыларының атынан алғысын білдіріпті. Шығармасына егемендігімізді алған аз уақыттың ішінде ел экономикасының қарқынды дамуын арқау еткен. Осылайша «Елін сүйген Елбасы» шығармасы арқылы қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы жоғарғы сынып оқушылары арасында бас жүлдені жеңіп алды.

Жұлдызай Жақыпова, қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы:
-Менің шығармалар байқауына қатысуыма сынып жетекшім түрткі болды. Негізінде ол хат түрінде Н.Назарбаевқа жазылған.

Ал, «Жарқын болашаққа бастаған ұлт көшбасшысы» жыр байқауында Михаил Ивашкин үздік атанды.
Шығарма және жыр байқауына қатысамын деп ниет білдіргендерден 100-ден астам жұмыс келіп түскен. Сайыста ең үздіктерін таңдап алу қиынға соқты дейді ұйымдастырушылар.

Зухра Ауғанбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
-Жалпы білім беретін орта мектептер арасында нақты айтқанда 5-11 сынып аралығында және ұстаздар   арасында  байқау жарияланған болатын. Қазір біз жеңімпаздарды марапаттап жатырмыз.  

Байқау жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Гүлбану Ахметова