Ауыл шаруашылығы

Еңбек адамы әрдайым Елбасы назарында

 

 

 20 жыл ішінде бағындырған асуларымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасы. Қазақстандықтар ұлт көшбасшысы көрсеткен дұрыс бағыттан жаңылмай жүріп келеді. Осы уақыт аралығында еліміз еңсесін тіктеп, әлемдік аренада өзіндік орынға ие болды. Оған қарапайым еңбек адамдарының қосқан үлесі зор.Олар мемлекет басшысының тарапынан ескерусіз қалмады. Сондай құрметке бөлінгендердің бірі – Арыстан Жүнісов. “Мәмбетов және К” командиттік серіктестігінің бригадирі-Елбасының қолынан “Отан” орденін тағынған жан.

Арыстан Жүнісов, “Отан” орденінің иегері, «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің бригадирі:

-Мен өзім қарапайым еңбек адамымын. 2009 жылы Елбасының қолынан “Отан” орденін алған азаматпын. Елбасының біздер секілді еңбек адамына көзқарасы өте жақсы. Ешқашан назарынан тыс қалдырған емес.

Арыстан Ноғайұлының ауыл шаруашылығында тер төккеніне 20 жылдан асып барады. Еліміз егемендік алғалы бері аграрлық салада оң өзгерістер орын алды дейді қарапайым еңбек адамы.

Арыстан Жүнісов, “Отан” орденінің иегері, «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің бригадирі:

-Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіп кешені қарқынды даму үстінде. Жаңа технологиялар енгізу мен техникалық жарақтандырудың арқасында біздер жоғары өнім алып, алтын астығымызды еселеу үстіндеміз. Мұның барлығы Елбасының осы саланы тікелей қолдауының арқасында жүзеге асып отыр.

Еліміз жыл санап гүлденген сайын, өңіріміздің экономикасы да қарыштап алға басып келеді. Қазіргі күні қай саланы алып қарасақ та, ілгерлеушілік бар. Оны теріскей тұрғындары Елбасының сындарлы саясатыман байланыстырады. Ол ақиқат.

Самат Есмағи